2019 жылдың 9 мен 10 желтоқсан аралығында ҚР ҚМ МКК алаңында «Астана-1» ақпараттық жүйесі» тақырыбында күндізгі оқу жүйесінде семинар өткізілді

2019 жылдың  9 мен 10 желтоқсан аралығында ҚР ҚМ МКК алаңында «Астана-1» ақпараттық жүйесі» тақырыбында күндізгі оқу жүйесінде семинар өткізілді

2019 жылдың  9 мен 10 желтоқсан аралығында ҚР ҚМ МКК алаңында аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кеден саласының қызметкерлерінің  қатысуымен, «Астана-1» ақпараттық жүйесі» тақырыбында күндізгі оқу жүйесінде семинар өткізілді.

Дәріскерлер ретінде ҚР ҚМ МКК-ің орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.

Семинардың мақсаты - «Астана-1» АЖ-де жұмыс істеу кезінде, аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

 «Астана-1» АЖ электрондық декларациялау жүйесі болып табылады және сыртқы экономикалық қызметі қатысушыларының шығындарын азайтуға, әкімшілік кедергілерді төмендетуге, адам факторын жоюға, экспорт және импорт үшін құжаттардың санын, сондай-ақ оларды өңдеу уақытын азайтуға ықпал ететінін атап өтеміз.

Семинарға қатысушылар:

-     «Астана-1» АЖ-де  біріктірілген бақылауды жүргізумен;

- «Астана-1» АЖ-де кедендік транзит рәсімінде кедендік декларациялаумен;

- тауарларды сақтау электрондық құжатын қалыптастырумен;

- ҚР және ЕАЭО электрондық декларациялау бөлімінде кедендік заңнамамен;

- кедендік рәсімдер бөлігінде тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерімен;

- энергоресурстарды кедендік декларациялау ерекшеліктерімен;

- тауарларды шығаруға, шығарудан бас тарту және шығарудың күшін жоюға байланысты операцияларды орындаумен;

- «Астана-1» АЖ-де  тауарлардың нақты шығып кетуімен;

- зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды бақылаумен;

- жеке шоттарды жүргізумен;

- «Астана-1» АЖ-де  кедендік құнды бақылауды жүргізумен;

- «Астана-1» АЖ-де  тарифтік емес реттеу шараларды қолданумен;

- «Астана-1» АЖ-де  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен және т.б. танысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті. «Астана-1» АЖ қолдануда күрделі мәселелерді талқылау кезінде тыңдаушылардың белсенді қатысқанын атап өтуге болады.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар берілді.