ҚР ҚМ МКК ХЫБ басшысы Е.Қожабергеновтың ҚХР БКБ БД директорының орынбасары Ся Цзюнмен келіссөздерінің қорытындысы

ҚР ҚМ МКК ХЫБ басшысы Е.Қожабергеновтың ҚХР БКБ БД директорының орынбасары Ся Цзюнмен келіссөздерінің қорытындысы

2022 жылғы 28 наурызда қазақстандық тараптың бастамасы бойынша бейне-конференц-байланыс режимінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Е.Қожабергеновтың Қытай Халық Республикасы Бас кедендік басқармасының Бақылау департаменті директорының орынбасары Ся Цзюнмен келіссөздері өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасында ҚР – ҚХР кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала онлайн ақпарат алмасу жобасын ілгерілету мәселелері талқыланды.

Е.Қожабергенов Қазақстан тарапы ҚХР-мен кедендік ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін айтып, 2021 жылғы 12 қарашада өткен ҚР-ҚХР Ынтымақтастық жөніндегі комитетінің Кеден бекеттері арасындағы ынтымақтастық және кеден ісі бойынша Кіші-комитеттің 11-ші отырысының нәтижелері бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуына назар аударды. 

Қытайлық тарап ҚР-ҚХР арасындағы кедендік ынтымақтастықты нығайту ҚХР БКБ үшін ерекше маңызға ие екенін хабарлады. Ся Цзюнь жоба өзінің тиімділігін көрсетіп, екі тарапқа да ортақ пайда әкелетінін атап өтті.

Тараптар осы саладағы ынтымақтастық нәтижелері өзара сауда мен инвестициялар көлемін ұлғайтуға оң ықпал етеді, кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, артық әкімшілік кедергілерді жоюға алып келеді деп келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы кедендік ынтымақтастық достық негізде құрыла беретініне, ал қабылданған шешімдер жан-жақты өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.