
2022 жылғы 28 ақпанда қазақстандық тараптың бастамасы бойынша бейне-конференц-байланыс режимінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Е.Қожабергеновтың Қытай Халық Республикасы Бас кедендік басқармасының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Чжан Баофэнмен келіссөздері өтті.
Кездесу барысында ҚР-ҚХР өзара іс-қимыл және екіжақты кедендік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасындағы өткелдердің өткізу қабілетін арттыру мақсатында қазақстандық тарап екі тараптан да санитарлық – эпидемиологиялық бақылаудың қатаң шаралары сақталған жағдайда «Қалжат-Дулаты» автомобиль өткізу бекетін ашу мәселесін қозғады. Қытайлық тарап өз кезегінде мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімдерін жүргізеді және қазақстандық тарапқа жауап жібереді.
Бұл ретте тараптар «Нұр Жолы – Қорғас», «Алакөл – Алашанькоу», «Бақты – Покиту» және «Майқапшағай – Зимұнай» автомобиль өткізу бекеттерінде өткізу қабілетін арттыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге келісті.
Сонымен қатар, келесі келісімдерге қол жеткізілді:
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы кедендік ынтымақтастық достық негізде құрыла беретініне, ал қабылданған шешімдер жан-жақты өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.