
Баспасөз релизі
«Екіұдай мақсаттағы тауарларды анықтау» тақырыбында семинар өткізілді
2019 жылдың 17-19 сәуір аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Екіұдай мақсаттағы тауарларды анықтау» тақырыбында бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Дәріскер ретінде Асылхан Тулеубаевич Айгелов – ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы бастапқы даярлау бөлімінің бас маманы қатысты.
Семинарға қатысушылар экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттарымен, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің түрлерімен, жүктердегі химиялық заттардың сәйкестендірулерімен, халықаралық қауіптілік символдарымен, биологиялық қарудың негізгі әрекеті және түрлерімен, ядерлық материалдардың түрлерімен және екіұдай мақсаттағы тауарларды анықтау саласындағы басқа да өзекті мәселелермен танысты.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде, дәріскер мен тыңдаушылар арасындағы белсенді қарым-қатынаста сәтті өтті.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)