
Баспасөз релизі
Алматы облысындағы кеден бекеттерінің базасында жүк көліктерін сканерлеуге арналған тексеру құрал-жабдығын пайдалану тәртібі туралы семинар өткізілді
2019 жылдың 08-12 сәуірі аралығында Алматы облысының «ШЫХО-Қоргас», «Алтынкөл» кеден бекеттерінің базасында «Жүк автомобильдік және теміржол көлігін сканерлеуге арналған инспекциялық-тексеру құрал-жабдығы. Пайдалану тәртібі және тәжірибелік сабақтары» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға тыңдаушылар ретінде инспекциялық-тексеру кешенінің (бұдан әрі - ИТК) жұмыс істеуіне жауапты аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кеден бағытының қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде «Nuctech Company Limited» қытай компаниясының сарапшы-инженерлері қатысты.
Семинарға қатысушылар ИТК жалпы құрылысымен, ИТК қолдану әдістемесімен, ИТК жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасымен, рентген суреттерін өңдеумен, «Nuctech Company Limited» компаниясы өндірісінің жаңа технологияларымен танысты.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті. Тыңдаушылар ИТК қолдану кезінде өзекті мәселелерді талқылау процесіне белсенді қатысқанын атап өту қажет.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)