
Баспасөз релизі
Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталы пайдалануға енгізіледі
2019 жылдың 27 наурызынан бастап экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталы пайдалануға енгізіледі. Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясымен (ЮНКТАД) жүзеге асырылуда.
«Бірыңғай терезе» порталының көмегімен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар экспорттық-импорттық операцияларға қажетті ақпаратты бірыңғай өткізу арнасы арқылы стандарттандырылған түрде қол жеткізе алады. Сонымен бірге портал тауарларды әкелу/әкету үшін қажетті алдын-ала ақпараты алу мүмкіндігін ашады.
«Бірыңғай терезенің» негізгі элементтері:
«Бірыңғай терезе» порталынның ресми мекенжайы –www.eokno.gov.kz (www.sw.gov.kz).
Порталдың жұмысына қатысты сұрақтар бойынша https://t.me/eoknokz сілтемсімен Telegram-ға бұқаралық топқа хабарласуларыңызға болады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)