Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес қауымдастығымен сындарлы пікір алмасуға ашық

Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес қауымдастығымен сындарлы пікір алмасуға ашық

Баспасөз релизі

 

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта әкелініп жатқан тауарларға кедендік бақылауды күшейту бойынша жұмыстар жүргізуде.

ҚХР-мен кедендік статистиканың айырмашылығына өткізілген талдау  дұрыс декларацияламау және әкелініп жатқан тауарлардың кедендік құнын төмендету белгілерінің бар екендігін көрсетті. Болжамды бағалау бойынша бюджет шамамен 200 млрд. теңгені жоғалтып отыр. 

Сондықтан, осындай фактілерді төмендету үшін тәуекелдерді басқару жүйесінде қосымша профильдер әзірленді.

Сонымен қатар, ҚХР-мен импорт үлесі жоғары СЭҚ қатысушыларына байланысты салықтық тексерулер басталды. Қазірдің өзінде тексеру барысында салықтарды төлеуден бас тарту схемалары анықталып, салықты төлеуден қасақана жалтаруының белгілері бар екендігі көрінеді. 

Субъектілердің бірқатары өткен кезеңдерден бері іздестіруде жүрген  ірі импортерлер болып табылады, ол заңды орындаудан әдейі бұлтару белгілерін көрсетеді. Сонымен бірге, ағымдағы бақылау кезінде СЭҚ қатыспайтын жалған тұлғаларға рәсімделген заңды тұлғалар – СЭҚ қатысушылары да анықталып жатыр.

Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғастырылатын болады.

Жалпы өткізіліп отырған шаралар көлеңкелі экономиканың көлемін төмендетуге және тең бәсекелестік жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қызметін адал жүргізіп, заң аясында жұмыс істейтін бизнес субъектілеріне қатысты бақылау күшейтілмейді. Біз СЭҚ қатысушыларына Комитеттің ақпарат жүйесін және кедендік заңнаманы жетілдіру сұрақтары бойынша белсенділігі үшін алғыс білдіреміз.

Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП және басқа да бизнес қауымдастықтарына кедендік әкімшілендіру бойынша бірлесіп өткізіп жатқан жұмыстары үшін алғыс білдіреміз.

Мемлекеттік кірістер комитеті сындарлы пікір алмасуға ашық. Келесі аптада аумақтық Департаменттерде түсіндірме семинарлары жүргізілетін болады.

Комитеттің сенім телефонының нөмірі - 8-800-080-64-52, (7172) 709-920.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)