
Баспасөз релизі
2019 жылдың 1-тоқсанының аяғына дейін «Бірыңғай терезе» порталы пайдалануға беріледі
«Бірыңғай терезе» IT-технология негізінде рұқсат беру және есепке алу рәсімдерінің автоматтандырылуын және біріздендірілуін, рұқсат беру қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ сыртқы сауда операциясы қызметін жүзеге асыратын субъектілердің деректер базасының интеграциясын білдіреді.
«Бірыңғай терезе» сауда операцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға, бірыңғай өткізу арнасы арқылы экспорттық-импорттық операцияларды жүргізу үшін қажетті ақпаратты стандартталған түрде алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ тауарларды әкелу/әкету үшін қажетті алдын-ала ақпарат алу мүмкіндігін ашады (тариф мөлшері, КТмС, тауарларға қандай мемлекеттік бақылау шаралары қолданылатынын анықтау), сондай-ақ лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарын алу үшін өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік береді.
Әзірленген «Бірыңғай терезе» порталы 2 түрлі деңгейден құралады:
1) қоғамдық – барлықтарына тіркеусіз;
2) пайдаланушылар (мемлекеттік органдар / СЭҚҚ) үшін - логин және пароль арқылы тіркеу арқылы.
«Бірыңғай терезенің» негізгі элементтері болып:
«Бірыңғай терезе» порталын енгізу сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға түрлі рұқсаттарды және құжаттарды жинауды қажет етпейтін жағдайлар туғызады. Жүйеге кіру және электронды түрде қызметті алу жеткілікті.
«Бірыңғай терезе» порталын және оның құрамдас бөліктерін пайдалануға беру 2019 жылдың 1-тоқсанының аяғына дейін жоспарланған.
Мемлекет үшін артықшылықтар
Азаматтардың / кәсіпкерлердің артықшылықтары
«Бірыңғай терезе» бойынша инфографиканы мына сілтеме бойынша көруге болады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс д., 11)