
Баспасөз релизі
ҚР-ның Ресей Федерациясымен және Қырғыз Республикасымен Мемлекеттік шекарасында мемлекеттік кірістер органдарының автомобильдік өткізу бекеттерінде тауарлар ағымына мониторинг жүргізуі
Бүгін, 2019 жылдың 17 қаңтарында, ҚР ҚМ МКК-нің алаңында «ҚР-ның Ресей Федерациясымен және Қырғыз Республикасымен Мемлекеттік шекарасында мемлекеттік кірістер органдарының автомобильдік өткізу бекеттерінде тауарлар ағымына мониторинг жүргізуі» тақырыбында брифинг өткізілді. Спикерлер болып, ҚР ҚМ МКК Экпорттық бақылау басқармасының басшысы Мадиев Әнуар Маратұлы және ҚР ҚМ МКК Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Отар Олжас Асангелдіұлы сөз сөйледі.
2019 жылғы 16 қаңтарда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен ҚР-ның Мемлекеттік шекарасындағы 37 автомобиль өткізу пунктіне мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары шығарылды, олар:
Бұл мониторинг екі қызмет бекіткен ҚР ҚМ МКК-нің 2018 жылғы 31 мамырдағы №221 және ҚР ҰҚК ШҚ-нің 2018 жылғы 6 маусымдағы №405-па «Ресей Федерациясымен және Қырғыз Республикасымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыру кезінде ҚР ҚМ МКК мен ҚР ҰҚК ШҚ-ның өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес ҚР ҰҚК Шекаралық қызметінің мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына берілетін құжаттарды сканерлеу арқылы жүргізіледі.
Осылайша, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тасымалдаушылармен байланысы жойылады.
Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары міндеттерін орындау кезінде жүкті жете тексеруді/тексеріп қарауды дербес жүргізбейді. Бақылаудың бұл түрі аталған тұлғалардың функционалдық міндеттемелеріне кірмейді.
Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органдары көрсетілген шекарада импортталатын және экспортталатын тауарлардың есебін жүргізеді және талдау жасайды, ҚР аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарларға қатысты бақылауды жүзеге асырады.
Бүгінгі күнде ҚР ИДМ ҚР аумағынан қара және түсті металдардың сынығы мен қалдықтарын әкетуге тыйым салулы енгізді (ҚР ИДМ-нің 2018 жылғы 22 қазандағы № 719, ҚР ҰЭМ-нің 2018 жылғы 23 қазандағы № 28 және ҚР ҚМ-нің 2018 жылғы 23 қазандағы № 928 бірлескен бұйрығы). Ресей Федерациясымен және Қырғыз Республикасымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында осы тыйым салудың сақталуын қамтамасыз ету үшін бақылауды мемлекеттік кірістер органы ҰҚК ШҚ-мен бірлескен бұйрыққа сәйкес жүзеге асырады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс д., 11)