Кеден және салық қызметтерін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Кеден және салық қызметтерін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

2022 жылғы 15 ақпанда Алматыда қазақстандық тараптың бастамасымен Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кеден және салық қызметтерінің үшжақты кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы үш елдің салық және кеден қызметтерінің іс-қимылдарын тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мәселелерін талқылау болды.

Қазақстан Республикасының келіссөздер делегациясын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов басқарды.

Келіссөзге Қырғызстаннан кеден және салық қызметінің бірінші басшылары қатысты. Қырғызстан делегациясын Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Қожошев басқарды.

Ресей делегациясының құрамында кеден және салық қызметтерінің басшылығы болды. Делегацияны Ресей Федерациясының Мемлекеттік хатшысы – Қаржы министрінің орынбасары Алексей Сазанов басқарды.

Кездесу аясында сарапшылық деңгейде тараптардың кездесуі және делегация басшыларының қатысуымен кеңейтілген құрамдағы кездесу өтті.Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресейдің Қаржы министрліктері деңгейінде өткен жылғы кездесудің қорытындылары өзара келісімдерді жүзеге асыру бойынша қосымша шараларды әзірлеумен талқыланды.Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан және Ресей арасындағы ақпарат алмасу мәселелері қаралды. Тараптар өзара іс-қимыл үдерісін ұйымдастыру үш елдің көлеңкелі экономикасымен күресудегі өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Кездесуде өзара саудада тасымалданатын тауарлардың құнын жөнелту құжаттарында көрсету мәселесі талқыланды. Тараптар тәуекелі жоғары экспорттаушылар санаттарын анықтай отырып, бұл мәселені тереңірек зерделеу және олармен жұмыс жүргізу қажеттігін қолдады.Тараптар алдағы жылға Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің фискалдық және құқық қорғау органдарының қатысуымен үшжақты ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру кеден және салық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға оң серпін беретінін, жалпы алғанда біздің елдеріміздің экономикасына оң әсер ететінін атап өтті.