
Баспасөз релизі
Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кеден саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Астана-1» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу кезіндегі кейбір мәселелер» тақырыбындағы семинар
2018 жылдың 6-7 желтоқсаны аралығында ҚР ҚМ МКК алаңында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, «Астана-1» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу кезіндегі кейбір мәселелер» тақырыбында күндізгі оқу жүйесінде семинар өткізілді.
Семинарға тыңдаушылыр ретінде ҚР ҚМ МКК-ің аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кеден саласының қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде ҚР ҚМ МКК-ің орталық аппаратының қызметкерлері және Астана қаласындағы БҰҰ ЮНКТАД өкілдері қатысты.
Семинардың мақсаты - «Астана-1» АЖ-де жұмыс істеу кезінде, аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.
«Астана-1» АЖ электрондық декларациялау жүйесі болып табылады және сыртқы экономикалық қызметі қатысушыларының шығындарын азайтуға, әкімшілік кедергілерді төмендетуге, адам факторын жоюға, экспорт және импорт үшін құжаттардың санын, сондай-ақ оларды өңдеу уақытын азайтуға ықпал ететінін атап өтеміз.
Семинарға қатысушылар:
- «Астана-1» АЖ-де біріктірілген бақылауды жүргізумен;
- «Астана-1» АЖ-де кедендік транзит рәсімінде кедендік декларациялаумен;
- тауарларды сақтау электрондық құжатын қалыптастырумен;
- ҚР және ЕАЭО электрондық декларациялау бөлімінде кедендік заңнамамен;
- кедендік рәсімдер бөлігінде тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерімен;
- энергоресурстарды кедендік декларациялау ерекшеліктерімен;
- тауарларды шығаруға, шығарудан бас тарту және шығарудың күшін жоюға байланысты операцияларды орындаумен;
- «Астана-1» АЖ-де тауарлардың нақты шығып кетуімен;
- зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды бақылаумен;
- жеке шоттарды жүргізумен;
- «Астана-1» АЖ-де кедендік құнды бақылауды жүргізумен;
- «Астана-1» АЖ-де тарифтік емес реттеу шараларды қолданумен;
- «Астана-1» АЖ-де ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен және т.б. танысты.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті. «Астана-1» АЖ қолдануда күрделі мәселелерді талқылау кезінде тыңдаушылардың белсенді қатысқанын атап өтуге болады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс д., 11)