
Баспасөз релизі
МКК Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігімен бірлесіп 2018 жылдың 13-14 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша МКД-де семинар өткізді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігімен бірлесіп 2018 жылдың 13-14 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Экпорттық бақылауға жататын тауарларды анықтау. Экпорттық бақылау шеңберінде постбақылауды жүзеге асыру. Экспорттық бақылау шеңберінде өткізу пунктерінде қолданылатын техникалық құралдар» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға тыңдаушылар ретінде Мемлекеттік кірістер комитетінің (әрі-қарай - Комитет) орталық аппараты және оның аумақтық органдары Экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері қатысты.
Семинарға дәріскерлер ретінде Комитеттің орталық аппараты мен Оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері және «Nuctech Company Limited» қытай компаниясының сарапшы-инженері қатысты.
Семинардың мақсаты – экспорттық бақылау саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құзыретін жетілдіру.
Семинарға қатысушылар келесі сұрақтармен танысты:
Сонымен қатар, экспорттық бақылауға жататын өнімдерді сәйкестендіру бойынша тәжірибелік жаттығулар жүргізілді.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті. Тыңдаушылар экспорттық бақылау бойынша өзекті мәселелерді талқылау процесіне белсенді қатысқанын атап өту қажет.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс д., 11)