ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізді

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізді

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізді

 

Мемлекеттік мейрам қарсаңында  2018 жылдың 29 тамызы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізді.

Салтанатты жағдайда Кинологиялық орталығының қайта қабылданған мемлекеттік қызметкерлері халқына адал қызмет етуге,  Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдады.

Қызметте ерекшелінген қызметшілерге Қаржы министрлігі «Мемлекеттік кірістер органының үздігі» медалімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қолымен «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының бас қолбасшысымен  ветеринарлық қызметті жүргізетін лауазымды тұлғаларға тәжірибелік дайындықты жүргізу және ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін Кинологиялық орталығының бас маман-ветеринарлық дәрігері «Рәмізді қол сағаты» құнды сыйлығымен марапатталды.

 Кинологиялық орталығының қызметкерлерінің күшімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді.

 Кинологиялық орталығының басшысы Р.Ж. Смаков «Мейрам қарсаңында Отанының игілігі үшін және біздің Республикамыздың мүддесіне  кәсіби қызмет етудің бүкіл жауапкершілігі мен бұл оқиғаның маңыздылығын түсініп, адал ниетпен ант қабылдаған әр қызметкерлерге бүгінгі күн  екі есе салтанатты күн болғандығын» атап өтті.

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)