
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңбері негізінде және «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) нормаларын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органдары
«АСТАНА - 1» ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде, онда электрондық кедендік ресімдеуді қолдану қарастырылған.
2017 жылдың 1 қазанынан бастап, Қазақстан Республикасының кеден бекеттерінде кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын электрондық рәсімдеу қолданысқа енгізілді, 2018 жылдың
1 қаңтарынан бастап экспорт кедендік рәсімі енгізілді.
2018 жылғы 1 сәуірден бастап, кедендік декларациялаудың басқа
15 кедендік рәсімдерді «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесіне тәжірибелік пайдалануға енгізілді.
Электрондық ресімдеудің негізгі артықшылықтары:
Электронды өзара әрекеттесу барысында «қайта байланысу» қарастырылған. Ол дегеніміз, ақпараттық жүйені қолдануымен кеден органдарына жүгінген тұлға, рәсімделген тауарларға (шығарылған) қатысты және қолданылатын қосымша кедендік бақылау түрлеріне (қарау, тексеріп қарау, сараптама, құжаттар мен мәліметтерді тексеру) қабылданған шаралар туралы хабарланады.
Қолданушыларды сәйкестендіру, «АСТАНА-1» АЖ-да кедендік декларацияны куәландыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-нан (ХҚО) электронды санды қол қою үлгісін алу қажет.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеден бекеттері электрондық ресімдеуді 2018 жылғы қолдану кезеңінде 1092 транзиттік декларация, экспорт рәсімі бойынша 1549 тауарға арналған декларация, импорт рәсімі бойынша 149 тауарға арналған декларация, Кеден одағының тауарлары «еркін қойма» (ЭК77) рәсімі бойынша 12 декларация, үшінші елдерде шығарылатын тауарлары «еркін қойма» (ИМ77) рәсімі бойынша 4 декларация, «кері экспорт» (ЭК31) рәсімі бойынша 1 декларация, «бажсыз сауда» дүкендеріне орналастыру (ИМ96) рәсімі бойынша 1 декларация, «кері импорт» (ИМ60) рәсімі бойынша 6 декларация рәсімделді.
Бұрынғы қолданыстағы бағдарламадан өзгешелігі, жаңа формат тек автоматты тіркелуге ғана емес, сондай-ақ жасыл дәліз бойынша декларацияны автоматты шығаруға мүмкіндік береді, бұл СЭҚҚ мен кедендік рәсімдеуші маманның арасындағы тікелей байланысты іс жүзінде болмауға мүмкіндік береді. Жасыл дәліз бойынша декларацияны өңдеуге және шығаруға арналған уақыт 1 минуттан аспайды. Бұрын осыған ұқсас кедендік рәсімдерге 55 минут кететін, әрі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өздері кеден органына келуі қажет болатын.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)