
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобаларына Тұжырымдама жобалары жарияланды.
Тұжырымдаманы әзірлеуге «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»-атты Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауындағы жеке тұлғалар банкроттығының нақты әрі түсінікті рәсімдерін әзірлеу туралы тапсырма негіз болды.
Тұжырымдама жобаларымен Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілікті қалпына келтіру процесін қолдануы қарастырылған. Бұл процесс:
Борышкер төлемге қабілеттігін қалпына келтіру процесін келесі талаптарға сәйкес келген жағдайда қолдануға құқылы:
Жоспар негізінде төлемге қабілеттігін қалпына келтіру рәсімі қарызды қайта құрылымдауға бағытталған кешенді іс-шараларды (қарызды кейін төлеу немесе бөліп төлеу, айыппұлдарды, өсімақыларды, қарыздың бөлігін кешіру және т.б.) қамтиды. Жоспарды іске асырудың максималды мерзімі – 5 жыл.
Сот шешімі бойынша мүлікті сату рәсімінің мәні борышкердің мүлкін сатып және оны қарыздарынан босату болып табылады.
Борышкердің жалғыз тұрғын үйі, егер оның пайдалы алаңы тұрып жатқан адамның әрқайсысына он сегіз шаршы метрден аспайтын болса және төлемге қабілеттігін қалпына келтіру процессін ашқан күнге банктік заем шарты бойынша негізгі қарыз сомасының 50%-нан астамы төленген болса (егер жалғыз тұрғын үйі кепіл болып табылса), өндіріп алуға жатпайды.
Негізінде заң жобалары қиын қаржылық жағдайда қалған жеке тұлғалардың проблемаларын шешуге бағытталған.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)