2021 жылы мемлекеттік бюджетке 10,7 трлн. теңге салық түсімдері кірістелді

2021 жылы мемлекеттік бюджетке 10,7 трлн. теңге салық түсімдері кірістелді

2021 жылы мемлекеттік бюджетке 10,7 трлн. теңге салық түсімдері кірістелді

 

2021 жылы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,6% орындалды (жоспар бойынша 10 346,9 млрд. теңге, 377,4 млрд. теңгеге асыра орындаумен 10 724,3 млрд. теңге түсті), 2020 жылмен салыстырғанда 25,3% немесе 2 163,1 млрд. теңгеге өсті, оның ішінде:

- Республикалық бюджет 102,1% орындалды (жоспар бойынша 6 913,8 млрд.теңге, 144,1 млрд. теңгеге асыра орындаумен 7 057,9 млрд. теңге түсті), 2020 жылмен салыстырғанда 26,6% немесе 1 482,1 млрд. теңгеге өсті.

- Жергілікті бюджет 106,8% орындалды (жоспар бойынша 3 433,1 млрд.теңге, 233,3 млрд. теңгеге асыра орындаумен 3 666,4 млрд. теңге түсті) 2020 жылмен салыстырғанда 22,8% немесе 681,0 млрд. теңгеге өсті.

2020 жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдер өсімінің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша 533,7 млрд. теңгеге немесе 34,2%, экспорттық кеден баждары бойынша 441,0 млрд. теңгеге немесе 1,8 есе, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы бойынша 235,8 млрд. теңгеге немесе 34,7%, үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 149,3 млрд. теңгеге немесе 23,1% және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша 116,8 млрд. теңгеге немесе 35,1% байқалады.

Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.

2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға бағаның өсуі байқалады, оның ішінде мұнайға 68,7%, мысқа 50,8%, алюминийге 44,2%, мырышқа 32,2%, күміске 22,5%, қорғасынға 20,4% және алтынға 1,7%. Мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 69,2%-ға өсті (2020 жылы 1 тоннаға орташа мөлшерлемесі – 37,9$, 2021 жылы 1 тоннаға – 64,2$).

Үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 14,1%-ке өсті (экспорт 25,8%-ке өсті, импорт 6,2%-ке төмендеді).

2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда өткізу бойынша айналым 58,7%-ке өсті (93 231 млрд. теңгеден 147 991 млрд. теңгеге дейін).

2021 жылы бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машиналарынан орташа түсімі 16,6%-ке өсті (38,3 млн. теңгеден 44,7 млн. теңгеге дейін).