Тауарларды кедендік декларациялау кезінде тексеріп қарау барысында тауардың ілеспе құжаттарында мәлімделмеген жалпы салмағы 10843 кг. 886 орын болатын тауар анықталды.

Тауарларды кедендік декларациялау кезінде тексеріп қарау барысында тауардың ілеспе құжаттарында мәлімделмеген жалпы салмағы 10843 кг. 886 орын болатын тауар анықталды.

Алматы облысы бойынша МКД «Алтынкөл» кеден бекетінде Қырғызстан Республикасы, Ош облысы, Кара-Су ауылы Галяутдинова Р.А азаматшаның мекен-жайына импортталған тауарларды кедендік декларациялау кезінде тексеріп қарау барысында тауардың ілеспе құжаттарында мәлімделмеген жалпы салмағы 10843 кг. 886 орын болатын тауар анықталды.

Декларацияланбаған тауар «автобөлшектер және киім-кешек» жалпы салмағы 10843 кг болып, кеден органдарының алдын ала бағалауы бойынша тауардың құны 20 548 000 теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде  ҚР ҚК 234-бабы 1-тармағы (экономикалық контрабанда) бойынша 2017 жылғы 19 қазаннан бастап қылмыстық іс қозғалды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз-қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)