ҚР ҚМ МКК СЭҚ қатысушыларды және мүдделі тұлғаларды кедендік әкімшілендіру ақпараттық жүйелерінің серверлік жабдықтарын көшіру жұмыстарын жүргізетіні туралы хабардар етеді.

ҚР ҚМ МКК СЭҚ қатысушыларды және мүдделі тұлғаларды кедендік әкімшілендіру ақпараттық жүйелерінің серверлік жабдықтарын көшіру жұмыстарын жүргізетіні туралы хабардар етеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларды және мүдделі тұлғаларды 2017 жылғы 19- 23 наурызға дейін кедендік әкімшілендіру ақпараттық жүйелерінің серверлік жабдықтарын көшіру жұмыстарын (деректер алмасу жылдамдығын күшейту және жүйелердің ақауларын азайту үшін қажетті жұмыстар) жүргізетіні туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген уақыт кезеңінде «Жедел басқару орталығы» (ЖБО) ақпараттық жүйесі, «Web-декларант» электрондық декларациялау кешені ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік болмайды.

   Комитет техникалық жұмыстарға байланысты уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)