Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобаның мерзімдері ұзартылды

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобаның мерзімдері ұзартылды

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 01.11.2021 жылғы № 1127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 2 қарашадағы № 24999), тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобаның мерзімдері ұзартылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Мына тауарлар бойынша пилоттың мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылады:

- акцизделетін өнімдер бойынша;

- ЕАЭО шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына/аумағынан тауарларды әкелу/әкету бойынша;

- «Виртуалды қойма» модулі арқылы ЭШФ жазып берілуге тиіс тауарлар бойынша (ҚР ҚМ 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығымен бекітілген).

Бұл ретте пилотты жүргізу кезеңінде айыппұл санкциялары қолданылмайды.

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесі  кеңейтіледі. Енді бұл тізбеге құрылыс материалдары енгізілді. Бұл ретте, осындай тауарлар бойынша «Виртуалды қойма» модулінде ЭШФ жазып беру міндеттемесі 2022 жылдың 1 қарашасынан басталады, ал  2022 жылдың 1 ақпанынан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу бойынша алдын-ала Пилотты жүргізіледі.