Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанғазиев пен Ресей Федерациясының Статс-хатшысы – Қаржы министрінің орынбасары А. В. Сазанов пен жұмыс кездесуі өтті

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанғазиев пен Ресей Федерациясының Статс-хатшысы – Қаржы министрінің орынбасары А. В. Сазанов пен жұмыс кездесуі өтті

2021 жылғы 26-27 қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанғазиев пен Ресей Федерациясының Статс-хатшысы – Қаржы министрінің орынбасары А. В. Сазановтың ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР ҚМ МКК, Ресей ҚМ, Ресей ФКҚ және Ресей ФСҚ өкілдерінің қатысуымен кеден және салық саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында фискалдық органдардың сұрау салулары бойынша елдердің салық төлеушілері туралы, өзара саудадағы экспорттық операциялар бойынша, ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттерден одан әрі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге өткізуге арналған тауарларды Қазақстан Республикасына әкелуді ҚҚС босату туралы мәліметтермен алмасу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері, тауар белгілері, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары бар және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына өткізетін зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне Ресей Федерациясында енгізілген тауарларға қатысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың сақталуын бақылау тәсілдері талқыланды.

Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасында тауарларды қадағалап отырудың ұлттық жүйесінің тұсаукесерін өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша шешімдер әзірленді, орындау мерзімдері көрсетілген тиісті тапсырмалар берілді.