Кәсіпкерлерге арналған жаңа мобильді қосымшаны енгізуден МКК қандай әсер күтеді

Кәсіпкерлерге арналған жаңа мобильді қосымшаны енгізуден МКК қандай әсер күтеді

Бүгінгі таңда пилоттық жоба шеңберінде Мобилді қосымшаны 3,5 мыңнан астам жеке кәсіпкер пайдалануда. Ағымдағы жылы 100 мыңға жуық жеке кәсіпкерлерді қосу көзделіп отыр. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Бастапқы кезеңде қосымша патент және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін барлық функционалдарға қолжетімді болады. Басқа режимдерді қолданатын кәсіпкерлер үшін функционал шектеулі көлемде қолжетімді болады. 2022 жылы бірыңғай жер салығын есептеуді ұсыну бойынша функционал пысықталатын болады.

Келесі жылы арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, АСР енгізу жоспарлануда, бұл осы режимді қолданатын жеке кәсіпкерлерге кірістер бойынша СЕН беруден толық бас тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, біз шамамен 400 мың ЖК қосымшаны пайдалануын күтеміз.

МКК-і мобильдік қосымшаны пайдалануды енгізе отырып, кәсіпкерлер үшін салық міндеттемелерін орындау процесі айтарлықтай жеңілдетілетін болады деп күтуде, әсіресе, салықтар бойынша кірістер есебін жүргізуді, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді есептеуді және салық есептілігін ұсынуды автоматтандыру мәселелері шешіледі.