Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д. Дюшекеевпен кездесу

Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д. Дюшекеевпен кездесу

2021 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ә. Алтынбаев Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д. Дюшекеевпен кездесті.

Д. Дюшекеев Д. 2021 жылдың тамызында Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Бұл кездесу таныстықтан басталып, достық атмосферада өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, атап айтқанда, 9-шы қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің хаттамасына енгізілген түзетулерімен орындаулуы, Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына, Ресей Федерациясына және қарсы бағытта орын ауыстыратын тауарлар мен көлік құралдарын бақылау бойынша пилоттық жобаны ұзарту тәртібі талқыланды.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегін талқылады.