
Ахуалдық орталықтың қызметі кезеңінде (2019 жылдың наурыз айынан күні бүгінге дейін) мемлекеттік бюджетке 9,3 млрд.теңгеден астам сомада кедендік төлемдер мен салықтардың қосымша түсімі қамтамасыз етілді, декларацияланбаған тауарды әкелудің 3 мыңнан астам фактісінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің «Ахуалдық орталығы» ЕАЭО кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде кедендік операциялардың жасалу мониторингін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарының жасаған суреттерін талдауды, сондай-ақ кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезіндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады.
Сонымен қатар, кедендік тексеріп қарауды жүргізу сапасына жеке көңіл бөлінеді.
Мәселен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларының (СЭҚҚ) негізсіз жүктемесін төмендету үшін тәуекелдерді басқарудың қолданыстағы жүйесі тұрақты негізде талданады.
Нәтижесінде тағайындалған кедендік тексерулердің саны екі есе қысқарды, бұл ретте бұзушылықтарды анықтаудың нәтижелілігі 1,5 есе ұлғайды.
Сонымен қатар, кедендік тексеру жүргізу кезінде жол берілген бұзушылықтар фактілері бойынша ағымдағы жылы кеден бекеттерінің 60-тан астам лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі таңда ҚХР-мен айна статистикасы бойынша ауытқуы көкейтесті болып тұр.
Көлеңкелі импорт деңгейін төмендету және қысқарту бойынша жұмыс жүргізу мақсатында 2019 жылы Қытай Халық Республикасымен автокөлікпен өткізілетін тауарлар бойынша экспорттық декларациялардан мәліметтерді өзара онлайн алмасу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
Осы алмасу шеңберінде Қытай тарапы СЭҚҚ атауын, тауарлардың саны мен құнын көрсете отырып, Қазақстан Республикасына экспорт туралы мәліметтерді онлайн режимде ұсынады.
ҚХР-дан алынатын барлық ақпарат тауарлардың құнын төмендету тұрғысынан талданады және кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын өндіріп алу жөніндегі шараларды одан әрі қабылдай отырып, кедендік әкімшілендіру кезінде қолданылады.
Осыған байланысты, жағдайды пайдалана отырып, СЭҚ барлық қатысушыларынан импортталатын тауарлардың сенімді кедендік құнын мәлімдеуді сұраймыз.
Осындай мәліметтер алмасу Өзбекстан Республикасымен де жүргізіледі.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың соңына дейін ҚХР, Әзербайжан, Украина және Грузиямен теміржол көлігі арқылы импортталатын тауарлар бойынша осындай ақпарат алмасуды іске асыру, сондай-ақ Түркия және Иранмен ақпарат алмасу туралы ұқсас халықаралық шарттар жасасу жоспарлануда.
Мысал ретінде, қоса беріліп отырған суретте автокөлік шиналарын еліміздің аумағына декларацияда көрсетпей алып келуге тырысқанын көруге болады. Аталған деректі анықтау «Алтынкөл-Жол» кеден бекетінде жүзеге асырылған.