ПРЕСС-РЕЛИЗ Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы К.Микурия Түркістан облысына іс-сапары

ПРЕСС-РЕЛИЗ Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы К.Микурия Түркістан облысына іс-сапары

Қазақстан тарапының шақыруы бойынша Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия Түркістан облысына іс-сапармен келді.

Сапар бағдарламасында Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы жаңғыртылған "Бауыржан Қонысбаев" кеден бекетіне бару және оның қызметімен танысу көзделген.

Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы кедендік рәсімдерді оңайлатуға және бизнес үшін уақыт шығындарын қысқартуға бағытталған кеден бекетінің техникалық жабдықталуына жоғары баға берді.

Сапар барысында Кунио Микурия Түркістан облысының Кентау қаласындағы Жапон әскери тұтқындарының жерленген ескерткішіне барып, құрмет гүл шоқтарын қою рәсіміне, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қатысып, Түркістан қаласындағы жаңа көрікті жерлермен танысты.