Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке құрамымен кездесті

Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке құрамымен кездесті

Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке құрамымен кездесті

 

ҚР ҚМ МКК, 2021 жылғы 6 қазан

 

2021 жылғы 4-6 қазан аралығында Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия Қазақстанға сапармен келді. Сапар шеңберінде халықаралық шенеунік Түркістан қаласы әуежайының кеден бекетіне, кедендік инфрақұрылым объектілеріне және Шымкент қаласының кедендік тазарту орталығына барып, "Continental Logistics" көлік-логистикалық орталығында кедендік операцияларды жүзеге асыру рәсімімен және өңірдегі сыртқы экономикалық қызметті дамыту жағдайларымен танысты.

ДКҰ басшысы сондай-ақ Өзбекстанмен шекарадағы Б.Қонысбаев атындағы жаңартылған өткізу пунктіне барды, оның қызметімен және саудаға жәрдемдесу және шекарадан жедел өту үшін барынша автоматтандырылған мемлекеттік органдардың шекарада бақылаудан өту тетіктерімен танысты. Ол 2019 жылы барған "Нұр Жолы" өткізу пунктінің және жаңғыртылған "Б.Қонысбаев" өткізу пунктінің құрылыс моделі Орталық Азия елдері мен ДКҰ мүше басқа да елдер үшін нағыз үлгі және озық тәжірибенің өнегесі бола алатынын атап өтті.

Кунио Микурия тауарлар мен көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етудің маңыздылығын және халықаралық сауданы әсіресе жаһандық пандемия уағы мен аймақтың ұлттық экономикаларын қалпына келтіру кезеңінде қолдауды атап өтті. ДКҰ басшысы ҚР-да жүргізіліп жатқан реформаларға, сондай-ақ ҚР деңгейінде де, ЕАЭО деңгейінде де, пандемияның өткір дағдарысы кезінде де шағын және орта бизнесті қолдау үшін қабылданған салық және кеден салаларындағы нақты шараларға оң баға берді. Бұл ретте МКК және ДКҰ кедендік және басқа да мемлекеттік органдардың төтенше тауарларға ғана емес, сонымен бірге пандемияның әлемдік экономика мен қоғамға жалпы әсерін азайтуға көмектесетін барлық санаттағы тауарларға шекарада көмектесудің маңыздылығын мойындады.

2021 жылғы 6 қазанда ДКҰ басшысы Нұрсұлтанға сапармен келді, онда оның Мемлекет басшысымен, Премьер-Министрмен және Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығымен кездесулері өтті.

Бас хатшы Қазақстан "Астана-1" және "Бір терезе" кедендік тазартудың ақпараттық жүйелерін іске асыру есебінен экспорттық-импорттық операцияларды цифрландырудың жоғары деңгейіне қол жеткізгенін атап өтті. Цифрландыру сыртқы экономикалық қызметті дамытудың маңызды векторы болып табылады, өйткені ол сауда шығындарын айтарлықтай азайтады. МКК мен ДКҰ осы бағыттағы ынтымақтастықты күшейтуге келісті.

 

Бас хатшы сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке құрамымен және кеден қатарына кіретін жас қызметкерлермен жеке кездесу өткізді. Ол адам ресурстарын басқару мәселелеріне, меритократия қағидаттары мен кеден ісіндегі гендерлік теңдікке ерекше назар аударды.

Естеріңізге сала кетсек, Дүниежүзілік кеден ұйымы 1952 жылы өзінің алғашқы 17 еуропалық мүше елдерінің кедендік ынтымақтастық кеңесі ретінде құрылды. Бүгінгі таңда ДКҰ әлемдік сауданың 98% өңдейтін әлем елдерінің 183 кеден әкімшілігін біріктіретін халықаралық ұйым болып табылады. Дүниежүзілік кедендік сараптама орталығын ұсына отырып, ДКҰ кедендік мәселелерде құзыретке ие және халықаралық кеден қауымдастығын білдіретін жалғыз халықаралық құрылым болып табылады. ДКҰ стратегиялық миссиясы оның мүшелеріне халықаралық сауданы оңайлату, мемлекеттік кірістердің жиналуын арттыру, сондай-ақ қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету мәселелерінде басшылық ету және қолдау көрсету болып табылады.

Қазақстан 1992 жылғы маусымнан бастап ДКҰ мүшесі болып табылады және содан бері осы ұйымның жұмысына, оның ішінде оның басқарушы органдары – Қаржы комитетінде, Саяси комиссияда және Кедендік ынтымақтастық кеңесінде белсенді қатысады.