Шымкент қаласына Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия мырза ресми сапармен келді

Шымкент қаласына Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия мырза ресми сапармен келді

 2021 жылғы 5 қазанда Шымкент қаласына Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия мырза ресми сапармен келді.

Сапар барысында жоғары лауазымды халықаралық шенеунік Шымкент қаласының кедендік ресімдеу орталығындағы сыртқы экономикалық қызметті дамыту жағдайларымен танысты, сондай-ақ "Continental Logistics Shymkent"ЖШС көлік-логистикалық орталығы инфрақұрылымының нысандарын аралады.

Оған "Астана-1" тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі мен "бір терезе" қағидатына негізделген Кедендік бақылау мүмкіндіктері көрсетілді, бұл кедендік ресімдеу процесін едәуір жеңілдетіп, оны ыңғайлы әрі транспарентті етті.

К.Микурия тауарлар мен көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етудің және әсіресе жаһандық пандемия жағдайында халықаралық сауданы қолдаудың маңыздылығын атап өтті.