АҢДАТПА! «Кедендік тексеріп қарау – кедендік бақылау шарасы» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

АҢДАТПА! «Кедендік тексеріп қарау – кедендік бақылау шарасы» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

АҢДАТПА!

 

«Кедендік тексеріп қарау – кедендік бақылау шарасы» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

 

2021 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 16:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде  «Кедендік тексеріп қарау – кедендік бақылау шарасы»  тақырыбында вебинар өтеді.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің «Ахуалдық орталық» басқармасының бас сарапшысы Трушкин Александр Владимирович сөз сөйлейді.

Спикер кедендік тексеріп қарау тәртібі туралы айтып береді және оны жүргізу негіздеріне тоқталады, сондай-ақ кедендік тексеріп қарау қағидаларына енгізілген жаңа өзгерістер туралы айтатын болады.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/kk/content/vebinarga-suraktar-zhiberu-nysany-1 )

Сұрақтарды 2021 жылғы 17 қыркүйекте сағ. 10:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz