
2021 жылғы 7-9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағалығымен Бір белдеу, бір жол бастамасы шеңберінде Салық әкімшіліктері ынтымақтастығының екінші форумы өтті.
Форумға 60 елдің және өңірлердің салық әкімшіліктерінен,
12 халықаралық және өңірлік ұйымдардан 300-ден астам делегаттар, сондай-ақ бизнес қоғамдастық пен ғылыми орта өкілдері қатысты.
Форум өз жұмысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Әли Алтынбаевты«BRITACOF» екінші Форумының Президенті және «BRITACOM» Кеңесінің Төрағасы болып сайланған Кеңес отырысынан бастады.
Біріккен Араб Әмірліктері Федералдық салық басқармасының Бас директоры Халид Али Альбустани, Уругвай Бас салық басқармасының Бас директоры Маргарита Фарал, Грузия Қаржы министрлігі Салық қызметі басшысының орынбасары Паата Кайладзе, Сьерра-Леоне Республикасы Ұлттық салық басқармасының Төрағасы Тума Адама Джабби BRITACOMКеңесі Төрағасының орынбасарлары болып сайланды.
Пленарлық сессияның ашылу салтанатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Әли Алтынбаев, ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігінің Комиссары Ван Цзюнь, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Салық саясаты және әкімшілендіру орталығының директоры Паскаль Сент-Аман қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.
Форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Әли Алтынбаев салықтық әкімшілендіруді цифрландырудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ BRITACOM мүше мемлекеттерін бірігуге және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі бірлескен тұжырымдаманы әзірлеуге шақырды.
Ван Цзюнь мырза мемлекеттік қызметтерді ұсынудың қолайлылығы үшін «Big Data», «Cloud computing», «Internet of things» технологияларын және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану қажеттігін атап өтті.
Өз сөзінде Паскаль Сент-Аман қазіргі уақытта біздің азаматтарымыздың дамуын, әл-ауқатын, жақсы өмірін қамтамасыз ету үшін бюджетке салық төлемдерінің толық түсуі мақсатында деректерді тиімді пайдалану және салық әкімшіліктері арасында ақпарат алмасуды жолға қою қажет екенін хабарлады.
Бір белдеу, бір жол бастамасы шеңберінде Салық әкімшіліктері ынтымақтастығының 2-ші форумының ашылу салтанатының модераторы ҚР ҚМ МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ермек Қожабергенов болды.
Бір белдеу, бір жол бастамасы көптеген елдерді біріктіре отырып, үйлестіру мен ынтымақтастық рухын қолдайды. Ынтымақтастық салықтық әкімшілендіруді цифрландыруды, ақпаратты неғұрлым тиімді пайдалануды және оны алмасуды қамтиды. Мақсат - адамдардың олардың дамуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ақылға қонымды салық төлеуі.
Учжень іс-қимыл жоспарына сәйкес нысаналы топ басшылары салықтық әкімшілендірудің келесі бағыттары бойынша есептер ұсынды:
ҚР ҚМ МКК Цифрландыру және үйлестіру басқармасының басшысы Қымбат Ахметова салықтық әкімшілендіруді цифрландыру жөніндегі нысаналы топтың есебімен сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол Форумға қатысушылардыАрмения, Венгрия, Индонезия, Иран, Испания, Италия, Қытай Ұлыбритания және т.б. елдердегі салықтық әкімшілендіруді цифрландырудағы озық тәжірибе туралы хабардар етті. Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру жөніндегі нысаналы топтың есебінде сондай-ақ Қазақстанның салықтық әкімшілендірудегі цифрлық трансформациясы, даму перспективалары және Бір белдеу, бір жолмүше мемлекеттердің салық әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды.
Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру жөніндегі пленарлық сессия барысында ҚР ҚМ МКК Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Қазақстанда электрондық шот-фактуралар жүйесін енгізу және дамыту, тиімді салық салу үшін электрондық шот-фактураларды одан әрі қолдану перспективаларымен таныстырды.
Жайдар Іңкәрбаев электрондық шот-фактураларды енгізу бизнесті жүргізу шарттарын жеңілдетуге бағытталғанын атап өтті. Бұл ретте жүйеде қағаз құжат айналымын жою, уақытша, қаржылық және адами шығындарды үнемдеу жолымен бизнестің жұмысын жеңілдететін электрондық шарттар мен орындалған жұмыстар актілері іске асырылды.
Форумға қатысушылар электрондық шот-фактуралар жүйесін енгізу және дамыту бойынша Қазақстанның тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты.
Панельдік сессиялар барысында делегаттар салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және салық салу мен әкімшілендіру жүйесіндегі өзгерістерге бастама берген Blockchain, Big Data жаңа технологияларын пайдаланудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар, Форумға қатысушылар салықтық әкімшілендіруді цифрландыру мәселесіндегі күш-жігерді біріктіру салық қызметтерін автоматтандыруға және оңтайландыруға бағытталғанын атап өтті.
2-ші форумның жабылу салтанатында Ермек Қожабергенов делегаттарды Форумның үш күндік жұмысының қорытындыларымен таныстырды, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі ынтымақтастықтың қажеттіліктері мен басымдықтарына жауап беретін, таяудағы екі жылға арналып қабылданған «Нұр-Сұлтан 2022-2024 іс-қимыл жоспары» туралы мәлімдеді.
Қорытынды сөзінде «BRITACOF» екінші Форумының Президенті - BRITACOM Кеңесінің Төрағасы Әли Алтынбаев салықтық әкімшілендіру табыстылығының кепілі бизнеске арналған жаңа цифрлық салық ортасын қалыптастыратын цифрлық платформалар мен технологиялар болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте одан әрі даму үшін салық әкімшіліктері ақылды ортаны дұрыс әзірлеуі қажет, ал бұл дегеніміз – нормативтік база, ақылды әкімшілендіру, инфрақұрылым, кадрлар, ақпараттық қауіпсіздік.
2022 жылы Алжирде өтетін Бір белдеу, бір жол бастамасы шеңберінде салық әкімшіліктері ынтымақтастығының үшінші форумын өткізу барысында салық әкімшіліктері жүргізген жұмыстың аралық қорытындылары жасалады.