Қызылордада тәркіленген LEXUS LX 470 автокөлігінің 846 мың теңге қарызы өндірілді

Қызылордада тәркіленген LEXUS LX 470 автокөлігінің 846 мың теңге қарызы өндірілді

            07.09.2021 жылы Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Әкімшілік полиция басқармасының және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп, жолдардағы салық қарызы бар автокөліктерді анықтау және оларды арнайы айыппұл тұрағына қою бойынша рейд жүргізу кезінде  LEXUS LX 470 маркалы автокөлік тоқтатылып, салығы бойынша берешегі үшін  автокөлігі тәркіленген.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Азаматтың салыққа қарызы 2018-2020 жылдарға уақытылы төлемегені үшін 846 мың теңге құраған. Нәтижесінде, салық қарызы толықтай өңдірілді.

       Рейдтік іс-шара бұдан әрі жалғасын табатын болады.