«Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» тақырыбында өткізілген семинардың баспасөз-релизі

«Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» тақырыбында өткізілген семинардың баспасөз-релизі

2021 жылғы семинарлар өткізу Жоспарына сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша, 2021 жылдың 23 мен 25 тамыз аралығында «Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі- МКД) қызметкерлері үшін «Морпорт» кеден бекетінде өтті.

Дәріскерлер ретінде:

Рахман Аршынғазы - «Nuctech Company Limited» (ҚХР) халықаралық компаниясының сарапшы-инженері;

Қасымқұлова Лаззат Тұрдақынқызы  - ОӘО-ның цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы;

 Адамбаев Мейрам - Алматы облысы бойынша МКД «Алтынколь» кеден бекетінің жетекші маманы.

Семинар соңында 10  қатысушыға сертификаттар табысталды. Семинар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай

отырып өтті.