
Салыққа 1 миллион теңгеден астам қарызы бар қызылордалық азаматтың көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
03.09.2021 жылы Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Әкімшілік полиция басқармасының және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп, жолдардағы салық қарызы бар автокөліктерді анықтау және оларды арнайы айыппұл тұрағына қою бойынша рейд жүргізу кезінде BMW 745I маркалы автокөлік тоқтатылып, 2017-2020 жылдарда жиналған жалпы сомасы 1 384,5 мың теңге құрайтын көлік салығынан берешегі үшін автокөлігі тәркіленді.
Иесі қарызын өтегенге дейін көлікті Қызылорда қаласындағы полицияның мамандандырылған айыппұл тұрағына қойды. Автокөлік иесіне салығы бойынша қарызды өтеу міндеттелді.
Рейдтік іс-шара бұдан әрі жалғасын табатын болады.