АҢДАТПА! «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы. Жеке тұлғалар 2021 жылы мүлік және жер салығын қалай төлейді» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

АҢДАТПА! «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы. Жеке тұлғалар 2021 жылы мүлік және жер салығын қалай төлейді» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

АҢДАТПА!

«e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы. Жеке тұлғалар 2021 жылы мүлік және жер салығын қалай төлейді» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

 

2021 жылдың 3 қыркүйегінде сағат 15:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде  «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы. Жеке тұлғалар 2021 жылы мүлік және жер салығын қалай төлейді»  тақырыбында вебинар өтеді.

Спикерлер ретінде:

- ҚР ҚМ МКК-нің Жеке тұлғалардың активтері мен қарыздарын әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Карлов Ризат Гумарович;

-  ҚР ҚМ МКК-нің Жеке тұлғалардың табысын әкімшілендіру басқармасының сарапшысы Иманбаев Арман Максутович сөз сөйлейді.

Спикерлер "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының функционалы туралы айтып береді, сондай-ақ жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтарына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілдері вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/kk/content/vebinarga-suraktar-zhiberu-nysany-1 )

Сұрақтарды 2021 жылғы 3 қыркүйекте сағ. 10:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz