
2021 жылғы 25 – 25 тамыз аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ, Instagram (@umc_kgd_kz) тікелей көрсетілім арқылы «Оңалту және банкроттық рәсімдері әкімшілерінің қызметіне алдын-ала бақылау мен тексерулерді жүзеге асыру тәртібі» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар алдын-ала бақылау және жоспардан тыс тексеру ұғымымен, бақылау субъектісіне бару арқылы алдын-ала бақылау жүргізу тәртібімен, әкімшінің заңнама талаптарын сақтауы тұрғысынан қолда бар ақпаратқа талдау жүргізумен, жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін қандай негіздеме керектігімен, жоспардан тыс тексеруді жүргізу тәртібімен танысты.