2021 жылғы 23-25 тамыз аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК әдіснама департаментімен бірлесіп «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу және ЕЭК шешімдері» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген, кеден ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыруға және оңтайландыруға, сыртқы саудаға жәрдемдесуге, кеден органдарының ақпараттық жүйелерін одан әрі дамытуға, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды кәсібилендіруге бағытталған Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы жаңалықтарды түсіндіру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде сөз сөйледі:
- Тұрлыбеков Олжас Мұхтарбекұлы - ҚР ҚМ МКК әдіснама департаменті кедендік операциялар басқармасының бас сарапшысы;
- Секенов Жандос Еркебұланұлы - ҚР ҚМ МКК әдіснама департаменті кедендік операциялар басқармасының бас сарапшысы;
- Көптілеуова Жанна Жайыққызы - ҚР ҚМ МКК әдіснама департаменті кедендік әдіснама басқармасының бас сарапшысы.
Іс-шара жоспарланған бағдарлама аясында сәтті өтті.
Семинар қорытындысы бойынша 112 қатысушыларға біліктілікті табысты арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.