2021 жылғы 26 тамызда Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – МКК) алаңында бейнеконференция режимінде Азия даму банкінің (АДБ) қызметкерлерімен Азия - Тынық мұхиты салық хабының презентациясы өткізілді.
Бұл Хаб салықтық әкімшілендірудің проблемалық учаскелері бөлігінде АДБ-мен ынтымақтасатын елдерге техникалық көмек көрсетуге бағытталған. Салықтық қылмыстардың күрделі формаларын ескере отырып, әрбір салық әкімшілігі бұл қиындықтарға қарсы тұруға барлық жағынан дайын болуы қажет.
Осылайша, презентация кезінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсыныстарын талқылау, сұраныс бойынша ақпарат алмасу және орташа мерзімді табыс стратегиясы өтті. Техникалық көмек АДБ -ның салық әкімшілігінің тар салаларына мамандарды тағайындау түрінде, сондай-ақ вебинарларды ұйымдастыру мен өткізу арқылы АДБ мамандары мен МКК қызметкерлері арасында білім алмасу түрінде көрсетіледі.
Тұсаукесерден кейін АДБ қызметкерлері МКК сұрақтарына жауап берді, осы Хабтың жұмыс жасауы туралы өз көзқарастарымен бөлісті және МКК қызметкерлері техникалық көмек көрсетудің проблемалық аймақтарын көрсете алатын сауалнамалар жіберді және тиісті салалар бойынша білім алмасу бағдарламаларын ұсынды. МКК әлеуетін дамыту жағдайына ие АДБ техникалық мамандары оң баға беріп, одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.