Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде салықтық әкімшілендіруді цифрландыру тәжірибесімен алмасу бойынша Ресей Федерациясының Федералдық салық қызметімен бейне-конференция өткізілді.
Ресей тарапынан бейне-конференцияға РФ ФСҚ басшысы Даниил Егоров, оның орынбасарлары және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.
Қазақстан тарапынан ҚР Қаржы Вице-министрі Бақтияр Қожахметов, ҚР ҚМ МКК төрағасы Әли Алтынбаев және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.
Екі тарап салықтық әкімшілендіруде енгізілетін техникалық жаңалықтар және салықтық міндеттемелерді орындауды жеңілдету, BIG DATA талдауы үшін пайдаланылатын құралдар туралы, оның ішінде жасанды зердені ескере отырып, математикалық модельдеу әдістері және т. б. туралы тәжірибе алмасты.