
Қазақстан Республикасы Қаржыминистрлігі Мемлекеттік кірістер комитетініңтөрағасы Әли Алтынбаев Мемлекеттік кірістероргандарының қызметкерлерін Мемлекеттіккірістер органдарының құрылған күніменқұттықтады, деп хабарлайды ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі
Салтанатты жиналыс 2021 жылғы 13 тамызда онлайн форматта өтті. МКО құрылғанкүнін мерекелеу құрметіне жұмыста ерекшекөзге түскен қызметкерлер ҚР Қаржыминистрлігі мен Комитеттің төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарыменмарапатталды
Естеріңізге сала кетейік, осыдан 7 жылбұрын Кеден және Салық комитеттерінбіріктіру, сондай-ақ қаржылық жәнеэкономикалық қылмыстарды тергеуфункцияларын таратылған Экономикалықжәне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресагенттігінен беру арқылы ҚР Қаржыминистрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіқұрылған болатын
Мемлекеттік кірістер органдарыныңқызметі елдің экономикалық қауіпсіздігінқамтамасыз етуде маңызды орын алады. Экономиканың дамуы, қоғамдағы әлеуметтіктұрақтылық, мемлекеттік бюджетке салық жәнекеден төлемдерінің тиімді түсуі, көлеңкеліэкономикаға қарсы күрес, халықтың құқықтықсауаттылығы мен салық мәдениетін арттыру – осының бәрі мемлекеттік кірістер органдарықызметкерлерінің қажырлы еңбегі