Қазақстандағы бизнесті жетілдіру жолында санаттау жүйесі тиімділігін көрсетті

Қазақстандағы бизнесті жетілдіру жолында санаттау жүйесі тиімділігін көрсетті

Қазақстанда кәсіпкерлерді санаттарға бөлужүйесі 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Олсалық төлеушілерді салық тәртібін сақтауғаынталандыруға және әлеуетті серіктестерменқарым-қатынас орнатуға бағытталған. Жүйе жекекәсіпкер немесе ЖШС ұсынған салық есептілігінысандарын, төленген салықтарды және өзқызметінде цифрлық технологияларды қолданудыескере отырып, автоматты түрде жұмыс істейді

​Сонымен, тәуекел дәрежесін анықтаудыңнегізгі критерийлері - салық жүктемесі, қызметкерлер санын дұрыс көрсету, сенімсіз(әрекетсіз, тіркелген жерінде жоқ және т.б.)кәсіпорындармен операциялардың болуы. Сондайақ, жеке кәсіпкердің немесе ЖШС -нің ЭШФ жазып беруі, онлайн бақылау касса машинасынқолдану және басқа көрсеткіштер ескеріледі. Тәуекел дәрежесі тағайындалғаннан кейінуақытылы хабарлау үшін ақпарат Салықтөлеушінің жеке кабинетіне жіберіледі

Тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) санаттаунәтижелері ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістеркомитетінің сайтында да жарияланады және жарты жылда бір рет (1 қаңтар мен 1 шілде) жаңартылыпотырады. Кез келген компания әлеуеттісеріктестердің тәуекелдерін бағалау үшінстатистикалық мәліметтерге қол жеткізе алады. Алайда, санаттау нәтижелері кәсіпорынныңмемлекеттік сатып алулар мен басқа конкурстарғақатысуына тыйым салмайды

ТБЖ соңғы жарияланған ақпаратына сәйкес, бүгінгі күнге дейін тіркелген 1,7 миллион жекекәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулісеріктестіктердің 98% тәуекел дәрежесі төмен жәнеорташа, ал жоғары тәуекел дәрежесі тек 2% ғанаберілген

Мысал ретінде, Абай тігін фабрикасын(«Стежок» ЖШС) келтіруге болады. Ол осы жылдың бірінші жартыжылдығында тәуекелдіңорташа дәрежесіне ие болды, алайда ұсынылғандекларацияның автоматты мониторингініңнәтижелері бойынша ол тәуекелі жоғары дәрежелікәсіпорындар санатына көшті

ЖШС басшысы мен құрылтайшысы оны Қарағанды облысының Абай ауданында тіркеді.Бұл кәсіпорын төмендегі себептер негізінде жоғары тәуекел тобына жатқызылды:

- салық есептілігінде жұмысшылардың саны көрсетілмеген, ал барлық әлеуметтік желілер мен бейнепорталдарда тігін цехтарының жұмысшылары көрсетілген, ал кәсіпкердің өзі 18000 шаршы метр өндіріс аумағын көпке жариялады;

- сонымен қатар соңғы үш жылдағы барлық салықесептілігінде кәсіпорын пайдасыз болып табылады, бұл «Бірнеше салық кезеңіндегі залалдардың салықесептілігінде көрсетілуі» ТБЖ критерийіне сәйкескеледі

- нөлдік мәні бар 100.00 салық нысаны бойыншасалық есебі ұсынылған, содан кейін түзетулерменқосымша есеп беру жағдайлары болды

- басшысы мен құрылтайшысының атына тағы бірбасқа ЖШС тіркелді, ол 20.04.2018 жылдан бастапәрекетсіз деп танылды

Барлық осы критерийлерге сүйене отырып, тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылғанжүйесі бұл ЖШС -ны жоғары тәуекелге жатқызды. Алайда, бұл салық төлеушінің мемлекеттік сатыпалуға қатысуға ешқандай шектеулері жоқ екенінатап өткіміз келеді

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкердің бастамасыбойынша Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР Қаржы министрлігінің өкілдерімен «AdaldyqAlan`y» алаңында кездесу өткізілді, онда оған бұлсанатқа жатқызу себептері мен кейбір шаралартүсіндірілді. 15 тәулік ішінде оның тәуекелдәрежесін өзгерте алатыны айтылды жәнеұсыныстар берілді

Атап айтқанда, қызметкерлердің нақты санынкөрсету талап етілді, бұл салықты нақты төлеугеәкеледі. Сондай-ақ, соңғы жылға салық есептілігінің қосымша нысандарын тапсыру ұсынады.

Кәсіпкердің өзі мемлекеттік кіріс органдарының уәждерімен келіскен, бірақ басқа ешқандай әрекет жасалмады.

Мемлекеттік кірістер органдарының ұсыныстары мен ескертулерін одан әрі елемеген жағдайда, «Стежок» ЖШС келесі салық есептілігінің нәтижелері бойынша (2022 ж. 1 қаңтары) ТБЖ келесі жаңартылғанға дейін жоғары тәуекелдер санатында қала береді.