2021 жылғы 26 - 28 шілде аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Мемлекеттік органдар қызметіндегі ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс–шараның мақсаты – ақпараттың құпиялығын, тұтастығын, қол жетімділігін, түпнұсқалығын және көрсетілмеуін қамтамасыз ету.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
27 шілде күні сағат 10.00-де семинар тыңдаушылары үшін Polycom ВКС арқылы Instagram (@umc_kgd_kz) тікелей эфирі арқылы дәріс оқылды.
Іс-шарада ҚР ҚМ МКК ОӘО біліктілікті арттыру және қайта даярлық бөлімінің басшысы Абдраймов Бакытбек Игибаевич модератор жұмысын атқарды.
Дәріскерлер ретінде:
Тиленбаева Ақбөпе Бейбітқызы – ҚР ҚМ МКК Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы.
Абдреимова Меруерт Рабатовна – ҚР ҚМ МКК ОӘО цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің бас маманы.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 135 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.