«Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» тақырыбында өткізілген семинардың баспасөз-релизі

«Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» тақырыбында өткізілген семинардың баспасөз-релизі

2021 жылғы семинарлар өткізу Жоспарына сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша, 2021 жылдың 26 мен 30 шілде аралығында «Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі- МКД) қызметкерлері үшін «Б.Қонысбаев» және «Сарыағаш-Станциясы» өткізу пункттерінде өтті.

Дәріскерлер ретінде:

Рахман Аршынғазы - «Nuctech Company Limited» (ҚХР) халықаралық компаниясының сарапшы-инженері;

Қасымқұлова Лаззат Тұрдақынқызы  - ОӘО-ның цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы;

Джолдасбаева Ляззат Бақытжановна - Маңғыстау облысы бойынша МКД «Морпорт» кеден бекетінің жетекші маманы.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Семинар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай

отырып өтті.