
2021 жылдың 6 тамызында сағат 16:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде «Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізуге қатысты енгізілген жаңашылдықтар» тақырыбында вебинар өтеді.
Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы Абдулов Нұрболат Сағидоллаұлы сөз сөйлейді.
Спикер тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізуге қатысты кеден заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы айтып береді.
Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/ru/content/forma-dlya-napravleniya-voprosov-k-vebinaru-1 )
Сұрақтарды 2021 жылғы 5 тамызда сағ. 18:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.
Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz