
2021 жылғы 12 – 14 шілде аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасымен бірлесіп Polycom БКБ, Instagram (@umc_kgd_kz) тікелей көрсетілім арқылы «Кедендік рәсімдеуді жүргізу кезіндегі кедендік сараптама» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – кедендік сараптаманы тағайындау және өткізу бөлігіндегі мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құзіретін жетілдіру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты. Ағымдағы жылдың 13 шілдеде сағат 15.30 семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ, Instagram (@umc_kgd_kz) тікелей көрсетілім арқылы дәріс оқылды.
Іс-шарада ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің басшысы Бакытбек Игибаевич Абдраймов модератор жұмысын атқарды.
Дәріскерлер ретінде – ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасы Өскемен қ. техникалық және материалтану сараптама бөлімінің бас маманы – Лада Борисовна Асеева және ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасы Өскемен қ. физика-химиялық зерттеулер бөлімінің бас маманы Асем Кумархановна Курумбаева қатысты.
Қатысушылар Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО кедендік сараптамасының нормативтік-құқықтық негіздерімен, кедендік сараптама жүргізудің мақсаттарымен, кедендік сараптама жүргізудің бизнес-процесімен, кедендік сараптаманың мәні және объектісімен, кедендік сарапшының құқықтық мәртебесімен, кедендік сарапшының міндеттерімен, кедендік сараптаманы тоқтата тұрудың тәртібі мен мерзімдерімен, қосымша және қайталама кедендік сараптамалармен танысты.
Семинардың қорытындысы бойынша 97 қатысушыға біліктілігін сәтті арттыруы туралы сертификаттар жіберіледі.