Қазақстан-қырғыз шекарасында автокөлік құралдарының жиналуы бойынша

Қазақстан-қырғыз шекарасында автокөлік құралдарының жиналуы бойынша

Әлеуметтің желілерде Қырғыз Республикасының аумағында «Ақ Тілек автожол" автомобиль өткізу пунктінің (Қазақстан тарапынан шектес өткізу пункті – «Қарасу») алдында жүк автокөлік құралдарының жиналуы туралы ақпарат пайда болды.

«2021 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша Қырғыз Республикасы тарапынан «Қарасу» өткізу пунктіндегі жүк автокөлік құралдарының саны 50-80 бірлікті құрайды, бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің  пісетін маусымын ескере отырып, көрсетілген өткізу пункті үшін штаттық жағдай болып табылады».

Жалпы, қазақстан-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері толық көлемде жұмыс істеп тұр.

Орта есеппен бір тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан 300-350 автокөлік құралымен тауарларды әкелу жүзеге асырылады.