ЭШФ жазып беруден кім босатылады?

ЭШФ жазып беруден кім босатылады?

ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік кірістер комитетінде қандай кәсіпкерлік субъектілері электрондық шотфактураны жазып беруден босатылатыны туралы айтып берді. Жаңашылдықтар 2021 жылдан бастап қолданыста болады..

Электронды шот-фактура (ЭШФ) жазып беру бойынша міндеттемелерді орындауды жеңілдету мақсатында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитімен Пилоттық жоба іске қосылдыОған сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін ЭШФ жазып беруден босату қарастырылған» - деп хабарлады МКК-де

Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы №588 бұйрығымен белгіленген. 

ЭШФ жазып беру міндетінен: 

1) құны 1000 еселенген АЕК мөлшерінен (2,9 млн теңге) асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойыншакәсіпкерлік субъектілері
2) сатып алынған тауарды түпкілікті тұтынумақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізукезінде кәсіпкерлік субъектілері
3) жеке және заңды тұлғаларға тауарларды өткізукезінде ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын - микрокәсіпкерлік субъектілері шот-фактура жазыпберуден босатылады

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактура жазып беруді талап еткен жағдайда, жеткізуші осындай талапты орындауға міндетті екендігін ескеру қажет.

Пилоттық жобаның қатысушылары болып жоғарыда көрсетілген талаптардың біріне сәйкес келетін салық төлеушілер танылады.