Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысындағы тексерулер бойынша жағдайға түсініктеме берді

Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысындағы тексерулер бойынша жағдайға түсініктеме берді

Жалған транзит, жалған алушылардың мекен-жайына тауарларды әкелу, бағаны төмендету, сондай-ақ декларацияланбаған тауарлар тексеру жүргізудің негізгі себептері болып табылады. Мемлекеттік кірістер органдары шекарада экспорттаушылардың қандай айла-тәсілдермен күресуі керектігі туралы МКК айтты.

Жалпы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тексерулер 30 күнге созылмайтынын атап өтеді.

Сонымен, орташа есеппен тексерулер 3-5 күн ішінде жүргізіледі, содан кейін автокөліктер құралы маршруттары бойынша жүреді, бұл ретте Қазақстанның басқа аймақтарында қайталама тексерулер жүргізілмейді.

Алайда, халықаралық тасымалдау кезінде көзделген тасымалдауға ілеспе құжаттарды тасымалдаушылар мерзімінде ұсынбағандықтан, тексеруге қарсы болғандықтан, сондай-ақ құқық бұзушылықтар туралы құқық қорғау органдарына сұрау жіберген жағдайлар болса, қылмыстық іс-әрекеттің белгілері бары анықталса тексеру жүргізу уақыты ұлғаятын жағдайлар болып тұрады.

Тексеру мерзімінің созылуына жол бермеу үшін, қазіргі уақытта жергілікті орындарда мемлекеттік кірістер органдарынан қосымша қызметкерлер саны бөлінді.

Осы күндері Алматыда Қырғыз Республикасының фискалды органдарының өкілдерімен шекарадағы жағдайды, оның ішінде келісу және навигациялық пломбалардың Пилоттық жобасының рәсіміне қол қою арқылы шешу үшін кездесу өтіп жатыр.

Мемлекеттік кірістер комитеті өткен жылдардағы заң бұзушылықтар туралы статистиканы ұсынды.

Мәселен, Қырғыз Республикасында жалған транзиттің үлесі 2019 жылы - 21%, 2020 жылы - 13% құрады. Осы себеп бойынша импорт жөнінде ҚҚС бойынша Қазақстанның болжамды шығыны 21 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ, тауарлар импортын жасыру, кейіннен салықтардың басқа түрлері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында сатудан туындайтын шығындарға әкеледі.

Тәжірибе көрсеткендей, жыл басынан бері анықталған бұзушылықтардың үлесі тексерілген көлік құралдарының жалпы санының 94%-ін құрайды, бұл қырғыз экспорттаушыларының бұзушылықтарының әліде жасалынып жатқанын көрсетеді. Сонымен бірге, барлық автокөлік құралдарының тек 0,9%-ы ғана тексерілгенін атап өткен жөн.

Қабылданған шаралардың арқасында ағымдағы жылы жалған транзиттің орташа айлық үлесі 1,8%-ға дейін төмендеді. Жасанды алушылардың мекен-жайы бойынша тауарлар импорты да 2020 жылы 9 есеге қысқарды. Ағымдағы жылы тек 28 факт анықталды.

Әкімшілендіруді күшейту нәтижесінде импорт бойынша ҚҚС жөніндегі түсімдердің жыл сайынғы өсу қарқыны қамтамасыз етіліп, ағымдағы күнге индикатор 142% немесе 110 млрд. теңге артыққа қол жетті.

КГД тасымалдаушыларға арналған тақырыптық салықтық тексерулер Қырғызстанмен шекарада емес, Қазақстан Республикасының аумағында шекарадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес прокуратурада тіркелген нұсқаулықтың негізінде қатаң түрде жүзеге асырылатындығын атап өтті.

Тексерулер тауарларға тауарлық-транспорттық ілеспе жүкқұжаттардың болуына және тауарлар атауының құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне, тексеру актісінде міндетті түрде нәтижелерді көрсете отырып жүргізіледі.

Осылайша, тексерулер барысында ҚХР мен Түркия Республикасында қырғыздардың өздігінен тігу атын жамылған тауарлардың импорты, сондай-ақ зияткерлік меншік құқығының бұзылу (жалған брендтер) фактілері анықталады.

Көлеңкелі сауданы төмендету мақсатында 2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының фискалдық органдары салық және кеден әкімшілігі саласындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Жоспарды іске асыру шеңберінде 2020 жылдың 10 қыркүйегінен бастап тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, навигациялық пломбаларды қолдану бойынша Пилоттық жоба іске қосылды.

Пилот бойынша қол жеткізілген келісімдерге сәйкес транзиттік қозғалысты бақылау шаралары тек тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Үкімет басшылары қол қойған Қордай елді мекеніндегі Үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 2 сәуірдегі хаттамасына сәйкес келеді.