
2021 жылғы 8-9 маусымда Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің өкілдерімен кездесудің мақсаты Өнімдерді бөлу туралы келісімнің шеңберінде өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияларға салық салу механизмін іске асыру бойынша салықтық әкімшілендіру саласында Қазақстанның тәжірибесін зерделеу болып табылады.
Кездесуде жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу, бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржы және салық есептілігін жасау жөніндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ трансферттік баға қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында қонақтарды жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесімен, салықтық әкімшілендіруді цифрландырудың бірқатар жобаларымен, сондай-ақ Байланыс-орталығының жұмысымен таныстырды.
Кездесудің қортындысы бойынша тараптар салық ведомстволарының жұмыс кездесуінің және өзара екі ел ынтымақтастығын нығайтуға ұмтылудың маңыздылығын атап өтті.