
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 04.06.2021 жылғы № 531 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
2021 жылғы 4 маусымда № 22932 болып тіркелген) тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобаның мерзімдері ұзартылғанын хабарлайды.
Сонымен, Пилот мерзімі ұзартылады:
акцизделетін өнімдер, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету бойынша 2021 жылғы 1 қазанға дейін.
виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып беруге жататын тауарлар бойынша (ҚМ 384 Бұйрығы) 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін.
ДСҰ алып қою тізбесінің тауарлары және цифрлық таңбалау қолданылатын тауарлар бойынша пилоттың басталу мерзімі 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2021 жылғы 1 қазанға дейін, аяқталу мерзімі - 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап 2022 жылғы 1 тамызына дейін.
Бұл ретте пилотты жүргізу кезеңінде айыппұл санкциялары қолданылмайды.
Сондай-ақ бұйрық шеңберінде: