
Үкіметтік жеделхат
2021 жылғы 4 мамырда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бекбердиев Ақжігіт Лесұлы қайтыс болды.
Ақжігіт Лесұлы салық жүйесінде 1989 жылдан бастап жұмыс істеді. Ол қатардағы инспектордан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бірінші басшысына дейін жолдан өтті.
Ел игілігі жолындағы мінсіз қызметі үшін Ақжігіт Бекбердиев бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, «Қаржы Қызметінің үздігі» атағымен марапатталды.
Ақжігіт Лесұлы өз ісінің білікті маманы ретінде біздің есімізде мәңгі қалады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұжымы Бекбердиев Ақжігіт Лесұлының отбасына әріптесінің қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Е.Жамаубаев