
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) енгізу мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ҚМ бұйрығының жобасы дайындалып, Ашық НҚА порталында орналастырылды.Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Виртуалды қойма тауарлары бойынша пилоттың мерзімі 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылады.
ДСҰ-ның алу тізбесіндегі тауарлар және таңбалауға жататын тауарлар бойынша пилоттың басталу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанға ауыстырылады, ал тауарлардың осы тобы бойынша пилоттың аяқталу мерзімі 2022 жылғы 1 тамызға дейін ұзартылады.
Осылайша, пилоттың мерзімі 9 айдан 12 айға дейін өзгереді.
Тауарларды шағын кәсіпкерлік субъектісіне өткізу кезінде өнім беруші
ТІЖ-ге «шағын бизнес» деген белгі қояды.
Осындай ТІЖ бойынша алынған акцизделетін тауар бойынша сатып алушы ТІЖ-ын растауды немесе қабылдамауды жүзеге асырады; қалған тауарлар бойынша растау талап етілмейді, бірақ ТІЖ-ден ауытқу жүзеге асырылуы мүмкін.
Мұндай тауарды қайтаруды өнім беруші жүзеге асырады.
6. ТІЖ ресімдеу, ТІЖ растау, ТІЖ түзету және қайтарып алу мерзімдері біріздендірілген.
7. ЕАЭО-нан тауарларды жеке тұлғалардың атына автомобиль көлігімен әкелу кезінде ТІЖ-ын, тауарларды, жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті (экспедициялау, курьерлік жеткізу) жүзеге асыратын тасымалдаушы ресімдейтіні нақтыланды.
8. Алтын құрамды өнімдер бойынша виртуалды қоймада тауарлардың кіріс сальдосын (қалдығын) көрсету бойынша талап алынып тасталды, сондай-ақ қосымша мәліметтерді көрсету бойынша нақтылаулар енгізілді.
Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8317078) орналасқан.
«Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес ассоциацияларды және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз», - деді МКК-де.