5 млн теңгенің тауарларын заңсыз алып өтпек болған

5 млн теңгенің тауарларын заңсыз алып өтпек болған

«Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауарларды алып өтпек болған  Тәжікстан азаматы ұсталды»,- деп хабарлады Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

⠀

Ағымдағы жылдың 4-ші сәуірінде Ресейден Тәжікстанға бағытталған  автокөлікте «Қапланбек» кеден бекетінде Түркістан облысы МКД-нің қызметкерлері ҚР ҰҚҚ қызметкерлерімен бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде декларацияланбаған оргтехника тауарлары барын анықтаған.

Тәжікстан азаматы Р.Т. жүк автокөлігімен тауарларды заңсыз алып өтпек болған. Нәтижесінде жалпы құны 5 млн. теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері бар тауарлар тәркіленді.

Аталған факт бойынша ұсталғандар жауапқа тартылды.